Ұлттық тасымалдаушы жолаушылар сұранысын ескере отырып және өңірлердің көлік қатынасын жақсарту мақсатында 2 сәуірден бастап №630/629 жолаушылар пойызының бағытын «Ақтөбе-Шалқардан» Қазалы стансасына дейін ұзартты, – деп хабарлайды Aikyn.kz «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңартылған бағыт бойынша «Ақтөбе-Қазалы» пойызы күнара қатынайды:
– Ақтөбеден жұп күндері сағат 22:25-те жөнелтіліп, Қазалыға келесі күні сағат 11:32-де келеді;
– Қазалыдан тақ күндері сағат 18:20-да аттанып, Ақтөбеге келесі күні сағат 07:34-те жетеді.
Бағыт бойынша жолаушыларға қолайлы болуы үшін Жылан, Тоғыз, рзд. Шілікті, Сексеуіл, Арал теңізі, Қамыстыбас және Бекбауыл стансаларында аялдамалар қарастырылған.
Құрамда 6 вагон (3 купе, 3 плацкарт) қызмет көрсетеді. Алдағы уақытта жолаушылар саны артқан жағдайда қосымша вагондар қосу жоспарланған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.