Олжас Бектенов халықаралық спорт ұйымдарының басшылығымен спортты дамыту мәселелерін талқылады.
Үкіметте халықаралық спорттық ынтымақтастықты дамыту перспективалары қаралды
Фото: primeminister.kz
640
оқылды

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов халықаралық спорт ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Үкіметке сілтеме жасап. 

Кездесуге Ұлттық Олимпиада комитеттері қауымдастығының және Қатар Олимпиада комитетінің вице-президенті Шейх Джоан Бин Хамад Бин Халифа Әл-Тани, Азия және World Aquatics Олимпиада Кеңесінің бас директоры Хусейн әл-Мусаллам, Қатар Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті Тани Абдулрахман Әл-Каууари қатысты.

Халықаралық спорттық ынтымақтастықты дамыту, олимпиадалық қозғалысты қолдау және кәсіби әрі бұқаралық спортты дамыту үшін жағдай жасау мәселелері талқыланды.

Қазақстанның халықаралық спорт ұйымдарымен спортшыларды даярлау және бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу, спорттық инфрақұрылымды жаңғырту, су спорт түрлерін дамытудағы өзара іс-қимылды кеңейту бөлігінде ынтымақтастығының перспективалары қаралды. Спорттық кооперация бұқаралық спортты насихаттауда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.