Қазақстан құрамасының теннисшісі Григорий Ломакин Үндістанның Бенгалуру қаласында өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҚР ҰОК мәліметінше, ол жұптық сайыста сәтті өнер көрсетіп жатыр.
Ломакин ширек финалда америкалық Ник Чеппелмен бірге үнділік Сай Картик Редди Ганта / Вишну Вардхан жұбын жеңді.
Кездесу 4:6, 6:4, 10:8 есебімен аяқталды.
Финалға шығу үшін Ломакин мен Чеппел үнділік Ариан Шах / Каран Сингх жұбымен кездеседі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.