«Қазгидромет» Алматы мен Астанада 5-7 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын ұсынды.
Бұршақ және көктайғақ: Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото:depositphotos.com
6,873
оқылды

Алматыдағы ауа райы болжамы

5 сәуір – ауа райы бұлтты, жаңбыр жауады, күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі, найзағай болады. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с, екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +16...+18°C.

6 сәуір – ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні – 2-7 м/с. Түнде +8...+10°C, күндіз +18...+20°C.

7 сәуір – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан соғатын жел 3-8 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде +10...+12°C, күндіз +20...+22°C.

Астанадағы ауа райы болжамы

5 сәуір – ауа райы құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с, кейде 15-18 м/с дейін күшейеді. Түнде -2...0°C, күндіз +12...+14°C.

6 сәуір – ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні – 5-10 м/с. Түнде 0...+2°C, күндіз +16...+18°C.

7 сәуір – ауа райы құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні – 9-14 м/с. Түнде +3...+5°C, күндіз +15...+17°C.

Сонымен қатар, Алматы ТЖД 5 сәуірде қала тұрғындары мен қонақтарына жеке қауіпсіздік шараларын сақтап, тауға шықпауға кеңес берді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз