2025 жылғы сәуір айында 8 демалыс күні бар. Осы айда мереке күндері жоқ, сол себепті қазақстандықтар тек сенбі және жексенбі күндері ғана демалады.
Қазақстандықтар сәуірде қанша күн демалады?
Фото: интернеттен алынды
10,203
оқылды

Ресми мерекелер болмағанымен, сәуір айы еңбек ұжымдарында дәстүрлі түрде атап өтілетін кәсіби және символдық даталарға толы.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 қарашадағы №480 бұйрығына сәйкес, сәуірде мына күндер атап өтіледі:

- 6 сәуір (сәуірдің бірінші жексенбісі) — Геолог күні;

- 12 сәуір — Ғылым қызметкерлері күні;

- 15 сәуір — Ұлттық ғашықтар күні;

- 21 сәуір — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің күні.

Бұл даталар мереке емес, бірақ кейбір ұйымдарда арнайы іс-шаралар өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз