Төтенше жағдай режимі мерзімінен бұрын тоқтауы мүмкін - Ерлан Карин
Төтенше жағдай режимі мерзімінен бұрын тоқтауы мүмкін - Ерлан Карин
© сурет интернеттен алынды
267
оқылды
Мемлекет басшысының кеңесшісі Ерлан Карин елдегі төтенше жағдай режимі мерзімінен бұрын тоқтауы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында хабарлады. "Қазақстан төтенше жағдайды енгізген жалғыз мемлекет емес. Төтенше жағдай тәртібін АҚШ, Италия, Болгария, Сербия, Эстония, Румыния, Чехияда және тағы да басқа елдерде енгізілген. Бірқатар мемлекеттер вирустың таралуы кең етек жайып және жағдай бақылаудан шыға бастаған кезде ғана төтенше жағдайды енгізуге мәжбүр болды. Қазақстандық билік төтенше жағдайды алдын алу шарасы ретінде енгізуде. Бұл ретте, біздің билік жедел әрі ілгері әрекет етуде. Төтенше жағдай режимін енгізу бұл уақытша шара, ол ұзартылуы да мүмкін", - деп жазды Ерлан Карин. Оның ойынша, егер эпидемиологиялық жағдай ушықпаса, төтенше жағдай режимі мерзімінен бұрын да тоқтатылуы ықтимал. "Бірақ әзірге, бәріміз — мемлекеттік органдар, бизнес пен азаматтар жаңа жағдайға икемделуіміз керек. Басты басымдылық — бұл xалқымыздың денсаулығы", - деп қорытындылады ойын ол.