Астанада Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Қатар ҰОК басшысы, Ұлттық олимпиадалық комитеттер қауымдастығының вице-президенті шейх Джоан бин Хамад бин Халифа Әл-Танимен ресми кездесу өткізді.
ҰОК басшысымен  жүздесті
220
оқылды

Сондай-ақ ресми іс-шараға Азия Олимпиадалық кеңесінің бас директоры және World Aquatics ұйымының президенті Хусейн әл-Мусаллам,  Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қазақстан ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев және Қазақстан су спорты түрлері федерациясының президенті Нұрлан Жақыпов қатысты.

Кездесу барысында Азия Олимпиадалық кеңесі мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық, олимпиа­далық қозғалысты дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері, оның ішінде биыл Астанада өтетін Құрлықтық спортшылар форумын ұйымдастыру жайы талқыланды. Аталмыш форумға Азияның 45 елінен спорттық комиссиялардың өкілдері, сондай-ақ Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) мен Азия Олимпиадалық кеңесінің жетекшілері қатысады деп жоспарланып отыр.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халықаралық спорттық ынтымақтастықты дамытуға қызығушылығын білдіріп, жоспарланған бастамаларды жүзеге асыру бойынша алдағы нақты қадамдарды келісіп алды.