«Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізіледі, осыған байланысты салық төлеушілер үшін 12 сәуір күні қызмет қолжетімді болмайды.
Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге ескерту хабарламасын жариялады
Фото: istockphoto
1,940
оқылды

Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 12 сәуірде сағат 00:00-ден 2025 жылғы 13 сәуірде 23:00-ге дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Көрсетілген уақыт аралығында «ЭШФ» АЖ қолжетімді болмайды.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 412-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және ТІЖ ресімдеу қағидаларының 64, 65-тармақтарына (2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 Бұйрығы) сәйкес, қажет болған жағдайда салық төлеушілер қағаз ТІЖ, ЭШФ рәсімдеуге және «ЭШФ» АЖ енгізуге құқылы:

      - 2025 жылғы 14 сәуірден бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз тасығышта жазып берілген шот-фактура;

     - 2025 жылғы 14 сәуірінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат.

      Бұл ретте, айыппұл санкциялары қолданылмайды.

   ҚР ҚМ МКК-і салық төлеушілерге түсіністік үшін алғыс білдіреді. Біз ақпараттық жүйелерімізді жақсарту үшін жұмыс істеп жатырмыз, – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.