"Дүкенде кезекте тұрғандар 1 метр арақашықтықты сақтауы тиіс" - Сұлтанов қауіпсіздік шарасын түсіндірді
"Дүкенде кезекте тұрғандар 1 метр арақашықтықты сақтауы тиіс" - Сұлтанов қауіпсіздік шарасын түсіндірді
© inform.kz
316
оқылды
Дүкендерде кезекте тұрған адамдар арасындағы арақашықтық 1 метрден кем болмауы тиіс, - деп мәлімдеді  Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов. «Сауда нысандарының барлығы жабылмайтындығын түсіндіргім келеді. Төтенше жағдай кезіндегі басты міндет - халықты дер уақытында азық-түлікпен қамтамасыз ету. Сондықтан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сауда, ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, дәріханалар, гипермаркеттер жұмыс істей береді. Бірақ, олар бірқатар талаптарды сақтауға міндетті болады. Бүгін Денсаулық сақтау министрімен және Бас санитарлық дәрігермен қосымша шараларды талқыладық. Бірінші кезекте, зарарсыздандыру режімі күшейтілуі тиіс», - деді министр. Оның айтуынша, кезектің орын алған жағдайда белгілі бір арақашықтықты сақтау керек. «Кезек орын алған жағдайда адамдар арасындағы арақашықтық 1 метрден кем болмауы тиіс», - деді министр.