Бетпердені 100 теңгеге сатқаны үшін жазаға тартылады
Бетпердені 100 теңгеге сатқаны үшін жазаға тартылады
309
оқылды
Қарағанды қаласында коронавирустық инфекцияға тест тапсыруға болатын орталық жұмысын бастады. 17 наурызда  қаладағы «Биосфера» дәріханалар желісіне 300 000 дана бір реттік үш қабатты медициналық маскалар сатылымға түседі. Аймақта бір реттік медициналық бетперделердің тапшылығы орын алып отыр. Әлеуметтік дәріханаларда бетперденің құны 40 теңге болғанымен, оларды сөреден таппайсыз. Басқа дәрханаларда да сатылымда жоқ. Қолға жағатын бактерияға қарсы гель бұрын 200 теңге болса, қазір оның құны 700 теңгеге өскен. Қаладағы әлеуметтік дәріханалардың бірінде бетперде 100 теңгеге сатылғандығы туралы ақпарат тұрғындардың наразылығын тудырды. – Аталған жағдай бойынша әкімшілік тергеу басталды. «Гиппократ» ЖШС әкімшілігі аталған баға бойынша маскаларды сату туралы өкім бермеді. Барлық әлеуметтік дәріханаларда маскалар 40 теңгеден сатылады. Тергеу нәтижелері хабарланып, кінәлілердің барлығы тиісті жазаға тартылады, – деп хабарлады «Гиппократ» ЖШС әкімшілігі. Қарағанды қаласында короновирусты анықтауға арналған тест тапсыруға болады. Вирусологиялық зерттеу «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды филиалында жүргізіледі. Бұл зерттеу катаральды құбылыстары, температурасы бар және эпидемиологиялық анамнезі қолайсыз елдердің бірі ҚХР, Оңтүстік Корея, Иран, Италия, Германия, Франция, Испаниядан келгендер үшін қолжетімді. Бұл тестіні қазіргі уақытта ақылы негізде өтуге болмайды.

Ләззат Қожахметова, Қарағанды облысы