Полицейлер Вьетнамнан келіп, карантиннен қашып кеткен тұрғынды ауылынан ұстады
Полицейлер Вьетнамнан келіп, карантиннен қашып кеткен тұрғынды ауылынан ұстады
Фото: Интернеттен алынды
216
оқылды
Түркістан облысында карантиннен қашып кеткен Шымкент қаласының тұрғыны тергеліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ол 10 наурызда Мәскеуден Алматыға ұшып келген. Сол рейстегі жолаушылардың бірінен коронавирустың белгісі анықталған. Сондықтан ұшақтағы жолаушылар Қазығұрт аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына 14 күнге карантинге жіберілді. Тәртіпке көнгісі келмеген ер адам ауруханадан қашып кеткен. Дереу іздеу шараларын бастаған полицейлер оны Арыс қаласындағы ата-анасының үйінен тапқан. Сол жерден ол қайтадан Қазығұрт аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Шымкентттік Вьетнамда жұмыс істеген. Ол әлем бойынша коронавирус тарай бастағандықтан, Алматыға Мәскеу арқылы транзитпен ұшып келген. Оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы «Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Полиция оқиғаның ақ-қарасын анықтап жатыр.