Алматыда коронавирус жұқтырған үш адамның арасында 2 жасар қыз бар екені анықталды
Алматыда коронавирус  жұқтырған үш адамның арасында 2 жасар қыз бар екені анықталды
Фото: Интернеттен алынды
222
оқылды
Алматыда коронавирус анықталған үш адамның ішінде екі жасар қыз бар, – деп  хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп. Бірінші жағдай – 2018 жылғы қыз. Ол 13 наурызда Берлин-Минск-Алматы рейсімен ұшып келген болатын. Қазіргі уақытта ол Алматыдағы балалар жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Екінші жағдай – 1966 жылғы ер адам. Ол 10 наурызда Алматыға Мәскеуден ұшып келген. Үшінші жағдай – 1956 жылға ер адам, ол да Мәскеуден ұшып келген. Ресми мәліметтерге сүйенсек, бүгінде Қазақстанда 13 адам коронавирус жұқтырған. Олардың 11-і – Алматыда, екеуі – Нұр-Сұлтанда. Тағы бір қазақстандық Германияда ем алып жатыр.