Шетелдіктерге мамыр айына дейін Ресейге кіруге тыйым салынды
Шетелдіктерге мамыр айына дейін Ресейге кіруге тыйым салынды
Фото: Интернеттен алынды
234
оқылды
Ресей Федерациясы коронавирусқа байланысты шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға елге кіруге шектеу қойды, – деп хабарлайды РИА Новости.  Ресейдің Үкімет басшысы Михаил Мишустин ТМД елдерінің премьерлерімен коронавирусқа байланысты жағдайды жан-жақты талқылады. «Михаил Мишустин Үкімет басшыларын мемлекет пен тұрғындар денсаулығын сақтау үшін және коронавирустың тарамауы үшін 18 наурыз сағат 00:00-ден 1 мамырға дейін шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдарға елге кіруге шектеу қойылатынын ескертті» делінген ресми хабарламада. Еске сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша Ресейде 93 адам коронавирус жұқтырған. Оның 86-сы жұқпалы, қалғаны вирусты жұқтырған адамдармен байланыста болғаны үшін карантинге жатқызылған.