«Баласын далаға шығарған ата-аналарға айыппұл салынады» деген ақпарат – жалған
«Баласын далаға шығарған ата-аналарға айыппұл салынады» деген ақпарат – жалған
Фото: Интернеттен алынды
209
оқылды
Өскемен қаласындағы коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында құрылған штаб өкілдері тұрғындарды әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпаратқа сенбеуге шақырды. Кешелі бері әлеуметтік желіде «Ертеңнен бастап білім ордаларында рейд жүргізіледі. Егер балаңыз қандай да бір себеппен мектепте болса, онда жазаға тартыласыз. Сондай-ақ бала дүкен, автобус, көшеден табылса, ата-анасына айыппұл салынады» деген ақпарат тараған. «Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Осындай жалған ақпарат таратып, ел арасында дүрбелең туғызатындар заң бойынша жазаға тартылады», – деп хабарлайды штаб өкілдері. Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы халыққа жолдаған Үндеуінде жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылатынын ескерткен болатын.