Түлектер «туалет» салып бере ме?
Түлектер «туалет» салып бере ме?
280
оқылды
Елімізде дәрет­ха­н­асы далада орнатылған мектептердің 60 пайызы Түркістан облысында орналасқаны және тозығы жетіп тұрған дәретханалардың жағдайы тіп­тен сын көтер­мей­тіні жайлы мақала жарияланған бо­латын.  Алайда облыс­тағы салаға жауапты құзыр­лы орган басшылығы аталған олқылықтардың күзге дейін реттелетінін айтты. Деген­мен редакция­ға Түр­кістан облысында дәретха­на­ларды салу үшін ұстаздар мектеп бітіріп кеткен түлек­тер­ден көмек сұрап жатыр деген ақпарат түсті. Жоғарыда айтылған мә­се­ленің анық-қанығын білу мақсатында облыстық Ада­ми әлеуетті дамыту басқар­ма­сының (бұрынғы білім басқармасы) басшысы Ра­хым­­бек Жолаевқа хабар­лас­қан едік. Басқарма басшысының айтуынша, тұрғындар саны басқа аймақтардан едәуір көп Түркістан облысында білім саласында орындалатын жұмыстар көп болса, шешуін таппай жүрген мәселелер де жетерлік екен. Айталық, облыста апатты жағдайдағы білім ордалары мен саз балшықтан салынған мектептер әлі күнге дейін бар. Ал мектептегі дәрет­ха­на­лардың басым бөлігі ес­кір­­ген, тіптен көбі талапқа сай емес. Облыстың бас ұстазы білім ошақтарының далада орналасқан дәретханасы жай­лы да айтып берді. «Об­лы­­сымыздағы 907 (900 – мем­ле­­­кеттік, 7 – жеке­мен­­­шік) мек­­тептің 796 ауыл­­дық елді ме­кендерде, ал 110-ы қа­ла­лық жерлерде ор­­налас­қан. Осы 796 мек­теп­тің дә­рет­ха­на­лары орталық­тан­­ды­рыл­ған кәрізбен бай­ла­­­нысы жоқ. Елді мекендерде ауыз­су, ішкі су және орталық­тан­ды­рылған кәріз жүйесінің болмауы күрделі мәселе болып тұр. Сондай-ақ 906 мектептің 172-нің ғимара­ты ыңғайластырылып салын­ған. Оның ішінде саман қыштан салынған мектептің саны – 52», – деді басқарма басшысы. Рахымбек Қуатбекұ­лы­ның мәліметін­ше, қазіргі таңда 584 мектептің ішкі дә­рет­ханаларын және ғима­ра­ты ыңғайластырылған 172 мек­тептің ауласында ор­­на­ласқан дәретханаларды рет­ке келтіру үшін жергілікті атқа­рушы органдар тарапы­нан жобалау-сметалық құ­жат­­тамалар әзірлеуде.
«2020 жылғы 1 қыр­күйек­ке дейін бар­лық мек­теп­тер­дегі іш­кі дәрет­хана­лар қал­­пы­на келтіріліп, сыртқы дә­рет­ха­на­лар сани­тар­лық та­лап­­тарға сәйкес­тен­дірі­ле­ді. Қазіргі таңда аудан, қа­ла­­лық бюджеттен 407,9 млн теңге қаралып, тиісті жұ­мыс­тар жүруде. 2020-2022 жыл­дарға арналған аудандық бюджетті нақтылау кезінде қаржы қаралатын болады», – деді Рахымбек Қуатбекұлы.
Осы орайда, жергілікті әкімшіліктер «мектептердегі ескіріп, құлауға айналған дә­ретханаларды күрделі жөн­деуден өткізіп, реттеу үшін немесе жаңасын салу үшін жергілікті әкімдік­те­гілер қаржы бөлуі тиіс. Дей тұрғанмен, дәретхана салу үшін кейбір аудандарда жер­гі­лікті билік өкілдері мек­теп басшылығы мен мұға­лім­дерге ақша жинатып жатыр екен» деген қауесеттің барын алға тарттық. Сондай-ақ мұға­лім­дер мектеп бітіріп кеткен түлектерден көмек сұ­рап жатқаны жайлы да ай­­тылды. «Дәретханалардың құ­ры­лысына немесе қайта жөн­деу жұмыстарына ата-аналардан қаржы жиналып жатыр» де­ген ақпарат негіз­сіз, «жер­гі­лік­ті басқару орын­­дары­ның қаржыны де­­меу­­шілер арқылы іске асы­­­рып жат­қаны заң шең­бе­р­ін­де жүргі­зі­луі мүмкін. Мұғалім­дер­ден ақша жинау, құрылыс жұ­мыс­тарына тарту қатаң тыйым салынған» деген жа­уап алдық. Ауылдардағы мектептер­дің жағдайын білмек болып, Кентау қаласына қарасты Бабайқорған ауылдық окру­гі­нің Абай ауылындағы «Абай» атын­дағы жалпы бі­лім беретін орта мектептің ди­­рек­торы Ізетулла Адаев­­қа хабар­ласып едік, «мекте­бі­міз­­дің дәретханасы далада қашық­тау жерден салынған. Тозығы жеткен­дік­тен, тіптен құла­йын деп тұр. Деген­мен биыл Кентау қала­сы­ның білім бөлімі бас­шы­­­­ларының араласуымен жер­­­­гі­­лікті әкімдіктен 5 млн тең­ге қаржы бөлініп жатыр. Қазір салынатын нысан­ның жо­басы сызылып, дайын­да­лу­­да», – деді.  

Тельман БЕЙСЕН, Түркістан облысы