Нұр-Сұлтандағы емханалар жоспарлы қабылдауды кейінге шегереді – ресми
Нұр-Сұлтандағы емханалар жоспарлы қабылдауды кейінге шегереді – ресми
Фото: Интернеттен алынды
211
оқылды
Нұр-Сұлтан емханаларындағы жоспарлы қабылдаулар кейінгі шегеріледі.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп:  «Емханалардағы жоспарлы қабылдаулар кейінге қалады. Ал шұғыл қабылдаулар жалғаса береді. Бірақ, әр медициналық мекеме шешімді дербес қабылдайды. Біз нұсқау бердік. Яғни, дәрігерге осы аптаға не келесі жұмаға жазылып қойған адамдарды қабылдау кейінге шегеріледі», – деді.

Айта кетейік, біз бұған дейін дәріханалардың үздіксіз жұмыс істеп жатқанын хабарлаған болатынбыз.