Автобуспен жолаушылар тасымалдау тоқтатылды
Автобуспен жолаушылар тасымалдау тоқтатылды
© peopleandcountries
230
оқылды
Қазақстан мен Қытай (13 рейс), Өзбекстан (24 рейс) және Монғолия (2 рейс) арасында жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдау тоқтатылды, - деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақстан мен Қырғызстан (30), Өзбекстан (100), Ресей (300), ҚХР (1000), Моңғолия (30), Украина (50) және Тәжікстан (50) арасында жолаушыларды тұрақты емес тасымалдауға отандық тасымалдаушыларға рұқсат бланкілерін беру тоқтатылды. Бұл бланкілер туристік және тапсырысты маршруттарға арналған. Сондай-ақ, коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қосымша мынадай шаралар қабылданды: 1. Ресей мен Қырғызстанмен екі есе автобустармен және шағын автобустармен жүзеге асырылатын халықаралық қатынастағы тұрақты маршруттар рейстерінің саны шектеулі. 2. Тұрақты және тұрақты емес автобус (шағын автобус) тасымалдарының транзиті тоқтатылды. Тамақ өнімдерін, халық тұтынатын және медициналық мақсаттағы тауарларды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында жүктерді және почта жөнелтілімдерін автомобиль көлігімен халықаралық екі жақты және транзиттік қатынаста тасымалдау шектелмейді. Сонымен қатар, тасымалдаушылар (жүргізушілер) халықаралық қатынаста автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде белгіленген карантиндік және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды, оның ішінде: 1. Жүргізуші белгіленген УСҚ-да қатаң түрде жүруі, өз автокөлігінің кабинасында болуы тиіс және өз бастамасы бойынша жанар-жағар май станцияларынан, азық-түлік дүкендерінен, авто үшін арнайы жабдықталған тұрақтардан немесе автокөлік сынған жағдайда ТҚС-дан басқа қандай да бір орындарға бармауы тиіс. 2. Егер жүргізуші өзінің ЖРВИ белгілерін байқаған жағдайда, ол өз автомобилінің кабинасында қалуы, 103 немесе 112 телефондарына қоңырау шалу, өзінің жағдайы, автомобильдің тұрған жері, кабинадағы адамдардың саны туралы хабарлау және жедел жәрдем көлігінің келуін күту керек. 3. Автомашинаны кедендік тазартқаннан және түсіргеннен кейін шетелдік тасымалдаушы автокөлікті тиеуге және жүкті кедендік ресімдеуді қатаң түрде тиеу және кедендік ресімдеу орнында болу шартымен жүзеге асыруға тиіс. 4. Тиеуді күту кезінде автомобиль және жүргізуші жүк автомобильдеріне арналған арнайы тұрақта болуы мүмкін. 5. Жүк тиелгеннен және кедендік ресімдегеннен кейін жүргізуші Қазақстан Республикасында болу шарттарын сақтай отырып, ол арқылы Қазақстан Республикасынан кетуі тиіс АӨҚ-ның шекарасына қатаң түрде ұстануға тиіс. 6. Шетелдік тасымалдаушының баратын жеріне бару және кері қайту жолында жүргізушінің Халықпен, сондай-ақ бақылаушы органдардың өкілдерімен байланысын барынша азайту қажет. Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер кеден және шекара қызметтерімен бірлесіп, мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері анықталатын болады.