Коронавирус қаупі: Елордада дезинфекциялау шаралары күшейтілді
Коронавирус қаупі: Елордада дезинфекциялау шаралары күшейтілді
© astana.gov.kz
244
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласында әуежай, вокзал, әлеуметтік нысандар, базарлар, сауда ойын-сауық орталықтарында, адамдар көп жиналатын орындарда және т.б. коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында дезинфекциялау шаралары күшейтілді, - деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. Әуежайда және вокзалдарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Тіркеу аймағы, күту аймағы, телескопиялық траптар, жүк бөлімшесі, тексеру аймағы, сүйеніштер, баспалдақ аралықтары, есіктер және барлық байланыс орындары дезинфекциялау құралдарымен өңделеді. Базарларда, сауда үйлерінде, сауда ойын-сауық және басқа да ұйымдарда санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтілді. Барлық қызметкерлер медициналық маскалармен, антисептиктермен және басқа да қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Жұмыс орындары мен ғимараттарда мұқият өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, елордада соңғы аялдамаларда арнайы ерітіндімен автобустар жуылады. Автобустардың ішінде жолаушыларға арналған антисептиктер бар. Ауысым аяқталғаннан кейін автобустар жуылады, сонымен қатар залалсыздандырылады. Қаланың коммуналдық қызметтерінің машиналары да дезинфекциядан өтіп жатыр. Сондай-ақ әлеуметтік объектілерде, денсаулық сақтау объектілерінде және Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, балалар үйлерінде, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында және интернаттық ұйымдарда санитариялық-дезинфекциялық режим күшейтілді; оларға келушілерге тыйым салынды. Елордада коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша барлық шаралар қабылданды: жедел штаб жұмыс істейді, коронавирустық инфекция жағдайлары анықталған кезде іс-қимыл алгоритмі әзірленді. Қала тұрғындары барлық алдын алу шараларын ұстануы керек: қолды сабынмен мұқият жуып, қол беріп амандасудан бас тарту қажет. Жеке гигиена заттарын пайдаланып, гаджеттерді/оргтехниканы дезинфекциялау, ЖРВИ белгілері бар адамдармен қарым-қатынасты болдырмау, үйден қажетсіз шықпау және адамдар көп жиналатын жерлерге бармау қажет.