Тоқаев Үкіметке туризм саласындағы кәсіпкерлерді ынталандыруды тапсырды
Тоқаев Үкіметке туризм саласындағы кәсіпкерлерді ынталандыруды тапсырды
232
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке туризм саласындағы кәсіпкерлерді ынталандыруды тапсырды. "Менің атыма келіп түскен өтініштердің негізінде Үкіметке туризм саласындағы кәсіп иелеріне арналған ынталандыру шараларын әзірлеу тапсырылады, - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында. Айта кетейік, бұған дейін  Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ірі сауда нысандары, кинотеатрлар мен спорт нысандары бір жылға салықтан босатылатынын айтқан болатын. Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов кәсіпкерлікті және отандық өндірісті қолдау шаралары туралы баяндама жасады. Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының бизнесті қолдау және еңбек нарығында тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты тапсырмасын орындау үшін 7 негізгі бағыттан тұратын жедел шаралар топтамасы әзірленуде. Бұл  – қолжетімді қаржыландыру, кепілдіктер беру, салықтық ынталандыру және бизнесті тексерулерді азайту, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтамасыз ету.