Нұр-Сұлтан мен Алматыда көлік қозғалысы шектеледі
Нұр-Сұлтан мен Алматыда көлік қозғалысы шектеледі
© сурет интернеттен алынды
256
оқылды
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында қоғамдық көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Қазақстан Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында белгілі болды. "19 наурызда сағат 00:00-де енгізілетін шаралар: адамдардың қозғалысына, сондай-ақ көлік құралдарының кіріп/шығуына шектеу қойылады", - делінген хабарламада. Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин режимі енгізілгенін хабарлаған болатынбыз.