Тоқаев мемлекеттік қызметшілердің 70%-ын қашықтан жұмыс істеуге көшіруді тапсырды
Тоқаев мемлекеттік қызметшілердің 70%-ын қашықтан жұмыс істеуге көшіруді тапсырды
© сурет интернеттен алынды
170
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілердің 70%-ын қашықтан жұмыс істеуге көшіруді ұсынды. Бұл туралы Президент Twitter-дегі парақшасында жазды. "ТЖ режимінде қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті бақылайтын мекемелерден, жекелеген БАҚ-тан өзге мемлекеттік, квазимемсектор қызметшілерінің 70%-ын қашықтан жұмыс істеуге көшірген жөн. Жеке кәсіпорындарға да осындай шараны қолдану ұсынылады", - деп жазды Мемлекет басшысы.