Елордада қалааралық автобустардың қозғалысына шектеу қойылды
Елордада қалааралық автобустардың қозғалысына шектеу қойылды
© 24.kz
5,185
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустың таралуына байланысты 19 наурыз 00:00-ден бастап карантин енгізіледі. «Автовокзалдарда қалааралық автобустардың қозғалыстарына тыйым салынды. Елорда аумағына кіріп-шығатын жерлерде шектеу қойылады. Сонымен қатар барлық қалаға кіру-шығу орындарында көлік түрлері үшін коронавирустық инфекцияға күдікті адамдар немесе жұқтырған адамдарды анықтау үшін қосымша пунктілер орнатылады», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов. Қазіргі уақытта 32 адамның коронавирустың жаңа түрін жұқтырғаны анықталды. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин енгізілді. Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті ел аумағында төтенше жағдай жариялап, қазақстандықтарға телевизиялық үндеу жасаған болатын.