Қарағандыдан Ресейге қатынайтын пойыздар тоқтатылды
Қарағандыдан Ресейге қатынайтын пойыздар тоқтатылды
352
оқылды
COVID-19 коронавирусыны таралу қаупіне байланысты «РТЖ» ААҚ Қазақстан мен Ресей арасындағы тікелей жолаушылар пойыздарының қозғалысын уақытша тоқтатты. Тыйым бүгінгі күні, 17 наурызда күшіне енді.  Тікелей пойыздар, тіркеме және тікелей қатынайтын вагондар қозғалысы тоқтатылды. Қозғалыс қашан қайта басталатыны туралы кейінірек хабарланады. Тоқтатылған пойыздарға билеттерді қосымша ақы мен алымдарды төлемей тапсыруға болады. Электрондық жол жүру құжаттарын сатып алынған ресурстар арқылы қайтаруға болады. Қарағанды - Мәскеу № 83/84, Қарағанды - Омск № 145/146, Қарағанды - Томск №363/364 және Томск - Қарағанды №363/364 пойыздарынң қозғалысы тоқтатылды.

Ләззат Қожахметова, Қарағанды облысы.