Елімізде қоғамдық тәртіпті сақтауға 8 мыңнан астам полицей жұмылдырылды - министр
Елімізде қоғамдық тәртіпті сақтауға 8 мыңнан астам полицей жұмылдырылды - министр
5,146
оқылды
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елімізде енгізілген төтенше жағдайда полицейлер қалай жұмыс істеп жатқанын айтып берді. «Ішкі істер органдарының жеке құрамы қызмет атқарудың ерекше режиміне көшті. Ішкі істер органдарының негізгі міндеті – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қоғамдық тәртіпті сақтауға 8 мыңнан астам қызметкер және Ұлттық ұланның 4 мың қызметкері шықты. Аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық нысандарды күзету қатаң бақылауға алынды», - деді министр «Хабар 24» телеарнасындағы үндеуде. Оның айтуынша, патрульдер саны көбейтіліп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету күшейтілді. «Медициналық қызметкерлермен бірге, ауру күдігі бар азаматтарды анықтау шаралары қабылданып жатыр. Сонымен бірге, коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл бойынша ІІМ жедел штабы құрылды», - деді министр. Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 32-ге жетті: Алматыда - 15 адам, елордада – 17 адам.