Сот отырыстары ұялы телефон арқылы онлайн-режимде өтеді – Қарағанды облысы
Сот отырыстары ұялы телефон арқылы онлайн-режимде өтеді – Қарағанды облысы
254
оқылды
Қарағанды облысында сот отырыстары ұялы телефон арқылы онлайн-режимде және TrueConf мобильді қосымшасы арқылы бейне-конференц-байланыстың көмегімен қашықтықтан өтетін болады. Басталмаған сот істерін қарау кейінге қалдырылды. Сондай-ақ адамдар ұсталған немесе қамауға алынған әкімшілік істерді қарау барынша оқшаулау және қауіпсіздік жағдайында жүзеге асырылатын болады. Істерді қарау бойынша соттардың көшпелі отырыстары тоқтатылды. Жоғарғы Сотта, облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттарда төтенше жағдай аяқталғанға дейін азаматтарды қабылдау тоқтатылды. – Аталған шаралар төтенше жағдайдың енгізілуінен туындады және азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығына қауіп-қатерді азайтуға бағытталған. Мұндай тәсілдер бүгінгі күні барлық дамыған елдерде қолданылуда, – дейді Қарағанды облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов.   Ләззат Қожахметова Қарағанды облысы