Төтенше жағдай: Қазақстанның шекарасынан кімдер шыға алады
Төтенше жағдай: Қазақстанның шекарасынан кімдер шыға алады
© 24.kz
223
оқылды
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты мемлекеттік шекарадан кіріп-шығуға шектеу қойылды. "Бірақ белгілі бір санаттағы азаматтарға шығуға рұқсат беріледі. Мысалы, шетелге ем алу үшін баратын қазақстандықтар қолында тиісті құжаттары болса кете алады", - деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі. Атап өтсек, науқастың қолында дәрігерлік комиссияның қорытындысы және шетелдік медициналық мекемеден шақырту болуы шарт. Сонымен қатар өзге елде азаматтығы бар азаматтар және Қазақстан Республикасының ресми делегация мүшелері де шекарадан шыға алады. Сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтаған, халықаралық жүк тасымалымен айналысатын көлік жүргізушілеріне мемлекеттік шекарадан өтуге рұқсат берілген. Бірақ олардың қолында шетелдік паспорты болуы шарт.