Коронавирусты анықтайтын жедел тестер сатылымға шықты - Біртанов
Коронавирусты анықтайтын жедел тестер сатылымға шықты - Біртанов
©Турар Казангапов
228
оқылды
Коронавирусты анықтайтын жедел тестер сатылымға шықты, - деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Еуразия Бірінші» арнасының «Basty Prime» бағдарламасында. "Бірнеше күн бұрын сатылымда жедел тестер пайда болды. Алайда олардың біз пайдаланатын генетикалық тестерге қарағанда анықтау қабілеті нашар. Бірақ, жедел тестер антиденелердің бар екенін көрсете алады. Қазір біз белгілі бір уақытта бұдан гөрі ауқымды тестілеу жүргізуге дайындалып жатырмыз", - деді министр. Оның айтуынша, емханаларда бұндай қызмет көрсетілмейді. Егер адамдар өздері қаласа, ақылы түрде тестен өтуге тыйым салынбаған.