«Таразда коронавирус жұқтырған адам анықталды» деген ақпарат жалған – полиция мәлімдемесі
«Таразда коронавирус жұқтырған адам анықталды» деген ақпарат жалған – полиция мәлімдемесі
Фото: Айтжан Мұрзанов
5,248
оқылды
Әлеуметтік желіде Тараз қаласында коронавирус анықталғандығы туралы тараған ақпарат жалған екені анықталды. Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі: «WhatsApp» мессенджерінде «Таразға Мәскеуден ұшып келген ұшақтағы әйелден коронавирус табылды», сондай-ақ «Алтыншы ықшамауданда бір отбасының 6 баласымен карантинге қамап қойыпты» деген ақпараттардың шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз», – деп хабарлайды. Сондай-ақ, полиция департаменті азаматтарды жалған хабарламаларды таратпауға және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды. «Жалған ақпаратты, оның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік заңмен белгіленгенін ескертеміз. ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігіне сәйкес, «Бұқаралық ақпарат құралдары және ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы көрінеу жалған ақпарат тарату» үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға болмаса үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, сондай-ақ, сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады» делінген ресми хабарламада.