Түркияда коронавирустан бір адам қайтыс болды – ресми
Түркияда коронавирустан бір адам қайтыс болды – ресми
Фото: Интернеттен алынды
5,152
оқылды
Түркияда коронавирустен бір адамның қайтыс болғаны анықталды. Елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожаның айтуынша, 89 жастағы науқас індетті Қытайға барып, келген жұмысшысынан жұқтырған. Соңғы мәліметтерге сәйкес,  Түркияда қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 98-ге жеткен. Оның 51-і соңғы тәулікте анықталды. Жалпы, елде коронавирус жұқтырудың бірінші дерегі бір апта бұрын тіркелген. Осыған байланысты билік шұғыл түрде халықтың көптеп жиналатын орындар мен ойын-сауық орталықтарының жұмысын тоқтатып, білім беру мекемелерінде 3 апталық демалыс жариялаған. Сондай-ақ Қытайдан кейін қатерлі дерттің ошағына айналған Еуропа, Таяу Шығыс мемлекеттерімен әуе рейстері белгісіз мерзімге дейін шегерген. Түркияның Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа: «Өкінішке қарай, коронавирустен бір кісі көз жұмды. 89 жастағы ер адам індетті Қытайға барып келген жұмысшысынан жұқтырғаны анықталды. Зерттеуді науқастармен байланыста болған кісілерден бастадық», – деді.