Өтем жалпы сомасы 14 млрд теңгені құрады, оның 13 млрд – негізгі қарыз, тағы 1 млрд – купондық сыйақы, – деп хабарлады Аikyn.kz сайты Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
«Қысқамерзімді облигацияларды пайдалану біздің астық трейдері ретіндегі қызметіміздің айналым цикліне сәйкес келеді, сондай-ақ Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі және борыштық нарықтың мөлшерлемесі төмендеген жағдайда купон бойынша шығыстарды оңтайландыруға мүмкіндік береді. Мұндай қаржы құралы өзінің жоғары өтімділігінің арқасында инвесторлар үшін тартымды», – деді басқарушы директор, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Ильдар Исмагулов.
Тартылған қаражат астықпен операциялар жүргізу үшін айналым капиталын толықтыруға бағытталды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірушілерін форвардтық қаржыландыру үшін ішінара пайдаланылды.
Төлемдер аяқталғаннан кейін корпорацияның қарыз жүктемесінің деңгейі ыңғайлы мәнге дейін төмендеді – қаржылық левередж коэффициенті 1-ден азды құрады.
"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне, оның ішінде қаржы құралдарының кең спектрін қолдану есебінен жүйелі қолдау көрсете отырып, тұрақты даму стратегиясын ұстануды жалғастыруда.