Алматыдағы жарылыс: 19 жастағы қыз өз-өзіне қол жұмсамақ болған
Алматыдағы жарылыс: 19 жастағы қыз өз-өзіне қол жұмсамақ болған
Фото: Интернеттен алынды
246
оқылды
Алматыда көпқабатты үйлердің бірінде жарылыс болды. Оқыс оқиға қаладағы Бостандық ауданындағы Клочков көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған. «19 жастағы қыз төртінші қабатта жалғыз өзі тұрған. Ол өзіне қол жұмсамақ оймен үйдегі газ плитасын қосып қойған. Біраз уақыттан соң сіріңке шырпысын жаққан. Сол сәтте газ-ауа қоспасы атылған. Дүмпуден көршілердің есігі мен подьездегі терезелерге, ауладағы көліктерге зақым келген. Қыздың қол-аяғы, беті күйіп, ауруханаға жеткізілді», – дейді Бостандық аудандық полиция басқармасының басшысы Дәурен Утебаев. Полиция аталған дерек негізінде ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.