«Такси бағасы – 50 мың теңге» – жүргізушілер карантинде жолақы құнын шарықтатып жіберді
«Такси бағасы – 50 мың теңге» – жүргізушілер карантинде жолақы құнын шарықтатып жіберді
Фото: Интернеттен алынды
232
оқылды
Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында карантин жарияланғаннан соң, такси жүргізушілері бағаны шарықтатып жіберді. Әсіресе, екі қаладан өзге аймақтарға жол жүру ақысы күрт өскен.      width=   Тіпті, такси бағасы ұшақ бағасынан да асып түсті.    width= Айта кетейік, біз бұған дейін Алматыда көлік қозғалысына қатысты шектеуді сақтамағандар жазаланатынын жазған болатынбыз.    width= Аймақтағы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов карантин режимінің талаптарын нақтылады. «Төтенше жағдайға байланысты талаптарды бұзған адамдарға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынып немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу сияқты әкімшілік жаза қолданылады.    width= Төтенше жағдай жарияланған аумақта билік өкілінің талабына бағынбағандарға 2000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылады немесе 2 жылға дейін бас бостандығы шектеледі», – деді Қанат Таймерденов. Сонымен қатар, оның айтуынша, азаматтардың сұрақтарына жауап беру үшін Call centеr 254 40 07 іске қосылды. Айта кету керек, Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында карантин режімі енгізіледі. Соған байланысты Алматыда азаматтар мен автокөліктердің қалаға кіріп, шығуын шектеу үшін 27 блок бекет орнатылады.