"Нағыз көш­басшы үнемі бо­лашақты көздейді"
"Нағыз көш­басшы үнемі бо­лашақты көздейді"
©Сурет интернеттен алынды
500
оқылды
– Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның не­гізін қалап, кө­шін түзеу мис­сиясы маңдайына бұйыр­ған бі­ре­гей тұлға. Оның зама­науи мем­лекет қалыптастырудағы тағ­дыршешті рөлі, тұлғалық ай­рық­ша қасиеті, Отан ал­дын­дағы ерен еңбегі зор. Елбасы бір сұхбатында «Нағыз көш­басшы үшін қиындық сол, сен үнемі бо­лашақты көздейсің. Сен басшысың, қос­шы емес­сің. Көштің басында тұр­ған­дық­­тан, елді қайда бастап келе жат­­қаныңды білуің керек... Пре­зидентке ше­шім қабылдау керек ж­әне сол шешімі үшін жауап беруі тиіс» деген еді. Еліміздің Тұң­ғыш Президенті өзінің ай­рық­ша ел басқару талантымен қазіргі таңда әлемнің айтулы ли­дерлерінің қатарынан берік орын алған. Ол жауапкершіліктің зіл батпан салмағын көтеріп хал­қына өмір бойы қалтқысыз қыз­мет етудің өнегелі үлгісін көр­сетті. Осы арқылы Елбасы хал­қының айрықша ықылас-құрметіне бөленді. Сол себепті миллиондаған аза­мат Мемлекет басшысының 19 нау­рыздағы Жол­дауынан маңызды бір бағ­дар­ламалық мәлімдеме күткендей еді. Бірақ Елбасының сөздерін естіп отыр­ған жұрт бір сәтке аңтарылып қал­ды. Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі­нің пре­зиденттік өкілеттігін тоқ­тату туралы ше­шімін халық тол­ғаныспен, күйзеліспен қа­был­да­ды, көзіне жас алғандар да аз бол­ған жоқ.
Қаншалықты тосын көрінге­ні­не қа­рамастан, бұл уақыт тала­бы­на сай қа­былданған, Тұңғыш Президенттің те­рең даналығын, болаттай берік жігерін көр­сеткен шешім болды. Сонымен қа­тар Елбасы Қазақстанның одан әрі тиім­­ді дамуының негізі таңдалған сая­си бағ­дардың сабақтастығын сақ­тауда жат­қанын баса айт­ты. «Қазақстандағы би­лік сабақ­тас­тығы конституциялық тұр­ғыдан рет­телген. Президенттің өкі­леттігі мер­зімінен бұрын тоқтатылған жағ­­дайда оның өкілеттігі қалған мер­зімі аяқ­талғанға дейін Сенат тө­рағасына бері­леді. Содан кейін жаңа Президент сай­лауы болады» дегені сөзімізге дәлел.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдар­лама­сын­да елімізді табысқа және әлемдік бе­делге жеткізген Тұңғыш Президенттің бағ­да­ры бұлжымай жалғасатынын айт­ты. Осы бағытта Президент Ел­басының ауқым­ды мұрасын есе­леу арқылы елімізді көр­кейте тү­суге күш салып, оның саяси ті­ле­гін іске асырмақ.
Ойымызды түйіндеп жет­кіз­­сек, Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев – интеллектуалдық ин­новацияны дәстүрмен, бе­де­лімен, өмірлік даналығымен әрі салауатты прагматизммен ше­бер сабақтастыра білген саяси көш­бас­шының үлгісі. Сол себепті оның саяси және экономикалық жо­балары сәтті жүзеге асты.
Ол елді дағдарыстан шығару­дың тиімді жолын қапысыз тауып, оның дамуы үшін тоқтаусыз қыз­мет ететін жүйе қалыптастыру ар­­қылы жаңа мемлекетті құрды және оны аса жоғары деңгейдегі сая­саткер ретінде басшылардың жаңа толқынына тапсыра білді.