Динара Сәтжан желідегі парақшасында отбасында үлкен тойға дайындық басталғанын жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оның сөзінше, тележүргізушінің інісі шаңырақ құрғалы жатыр екен.
"Сәтжановтар әулетіне бір мүше қосылды. Арай, шын жүректен қош келдің! Ініміз Паша көптен күткен бақытын өз туған жері – Қарағандыдан тапты. Бүгін сырға салу рәсімін сән-салтанатымен өткіздік. Алда – үлкен той! Жас жұбайларға мәңгілік махаббат пен баянды бақыт тілейміз!", – деп жазды Динара Сәтжан.
Оқырмандары тележүргізушіні құттықтап, ақ тілектерін арнауда.