Коронавирус жұқтырған адамдар үйде қалмайды - Диас Ахметшәріп
Коронавирус жұқтырған адамдар үйде қалмайды - Диас Ахметшәріп
166
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп коронавирус жұқтырған адамдарды үйден алып кету жағдайларын түсіндірді. «1а» санатына жатқызылған елден ұшып келген адамдар ұшақтан түскен беттен бірден стационарлық карантинге жеткізіледі. Оған арнайы мамандарымыз бар, бірден ұшақтан автобуспен ауруханаға апарады. Ал 1 «Б»санатынан келген қазақстандықтар үйде оқшаулануы керек. Олар көп жағдайда үйде оқшауланбайды. Біз оларды тәртіпке шақырып отырмыз, үйде жатуы керек«, - деді ресми өкіл «Qazaqstan« телеарнасындағы «Ashyq alań« бағдарламасында. Осы ретте Диас Ахметшәріп коронавирус жұқтырған адамдарды үйден алып кету жағдайларын түсіндіріп берді. «1б»  санатынан келген бір адамнан вирус табылды. Онымен жақын қарым-қатынаста болған азаматтарды анықтадық. Олар үйлерінде. Біз енді оларды стационарға әкеліп жатқызуымыз керек. Өйткені, вирус жұқтырып алуы мүмкін. Көп жағдайда олар «біз ауырған жоқпыз, жағдайымыз жақсы. Дене қызуым, жөтел жоқ« деп бармай қояды. Бірақ, біз тексеруге міндеттеміз. Коронавирус адам бойынан 14 күннің ішінде белгілі болады. Осы уақыттың ішінде белгісі болмаса, онда вирус жоқ деген сөз. Ол 10-күнде шығуы мүмкін. Бүгін анықталған 1998 жылғы қыздан вирус белгісі 7 күннен кейін анықталып отыр. 10-ы күні ұшып келді, аман-есен жүрді. Қасындағылардың бәрін таптық. Осы 7 күн бойы туыстарының үйінде болған екен. Бәрін карантинге жаптық», - деді ол.