Алматыда 2 жасар қыздың анасы да коронавирус жұқтырған
Алматыда 2 жасар қыздың анасы да коронавирус жұқтырған
© REUTERS
256
оқылды
Алматыда коронавирус жұқтырған екі жасар қыздың анасы да вирус жұқтырғаны белгілі болды, - деп мәлімдеді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.
Оның айтуынша, 18 наурыздағы жағдай бойынша Алматыда 17 адам коронавирус жұқтырған. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 14 науқас жатыр, ал балалар жұқпалы аурулар ауруханасында екі бала мен бірінің анасы жатыр.
"Екі жасар қыз анасымен жатыр. Анасы да коронавирус жұқтырған. Екеуінің жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы жоқ, вирустың белгілері байқалмайды. Олармен байланыста болған адамдар 14 күндік карантинге жатқызылды", - деді ол.