Елордада кімдердің тегін маска алатыны белгілі болды
Елордада кімдердің тегін маска алатыны белгілі болды
© сурет интернеттен алынды
239
оқылды
Елордада кімдердің тегін медициналық маска алатыны белгілі болды. Бұл туралы 17 наурызда қалада карантин енгізілуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары А. Шағалтаеваның қабылдаған қаулысында көрсетілген. «Жедел респираторлы вирустық инфекция белгілері болған кезде (18 жасқа дейінгі балалар, 60 жастан асқан адамдар, жүкті әйелдер, қатерлі ісік аурулары, трансплантациядан кейінгі науқастар, созылмалы респираторлық аурулары бар науқастар) динамикалық бақылау аясында пациенттерге маскалар тегін беруді қамтамасыз етілуі тиіс», - делінген қаулының 3-тармағында.