Алматыда карантин кезінде атқарылатын жұмыстармен таныстырды
Алматыда карантин кезінде атқарылатын жұмыстармен таныстырды
158
оқылды
Алматы қаласы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев карантин кезінде энергокешенде атқарылатын жұмыстармен таныстырды. Оның айтуынша, карантин кезінде энергокешендегі барлық мекемелер штаттық режимде жұмыс істейді. Барлық қызмет көрсету істері, қызмет ақысын төлеу де онлайн-режимде жүргізіледі. «Қалада су, жылу, газ жеткізетін түрлі мекемелер бар. Төтенше жағдай кезінде олар барынша сапалы қызмет жасауға тырысады. Осы ретте қалада әр мекемеден біріккенде 100 апаттық топ құрылды. Жұмысшылардың барлығы қауіпсіздікке байланысты маскалармен және қол жуатын антисептиктермен қамтамасыз етілді», - деді басқарма басшысы. Бүгінде энергокешен қызметкерлері қашықтықтан жұмыс істеуге көшкен. «Алматы жылу желілері», «Алматы су», «Алматы қала жарық» мекемелері, тіпті «Алатау жарық» компаниясы да онлайн-режимде жұмыс істейді. «Бүкіл жұмыс қалыпты жағдайда болады, сапа төмендемейді», - деді Әсет Масабаев. Бір ескере кететін жайт, қандай жағдай болсын, қалалық Open Almaty мекемесіне немесе аталмыш басқарма телефондарына тұрғындар хабарласса, олардың сұрақтарына толық жауап берілетін болады. Басқарма мамандары тұрғындарды коммуналдық қызметпен қамтамасыз етуге толық дайын. «Бізге қарасты мекемелерде 4 мыңнан аса қызметкер бар. Бұл – үлкен күш. Сондықтан бұл мәселеде ешқандай проблема болмайды деп сенемін. Егер қандай да бір авариялық жағдай орын алса, біз оны тез арада қалпына  келтіруге тырысамыз» деді басқарма басшысы. «Алматинские тепловые сети» ЖШС: – төтенше оқиғалар орын алар болса, қалада үздіксіз жылу беруді қаматамасыз ететін 12 төтенше бригада, 40 арнайы техника, 126 жұмыскер ұйымдастырылған. «Алатау жарық компаниясы» АҚ: – төтенше оқиғалар орын алар болса, қалада үздіксіз жарық беруді қаматамасыз ететін 17 төтенше бригада, 17 арнайы теника, 68 жұмыскер және 3 дизель-генератор ұйымдастырылған. «Алматы Су» МҚК: – төтенше оқиғалар орын алар болса, қалада суқұбырлары және сушығару жұмыстары үздіксіз атқарылуы үшін 58 төтенше бригада, 328 арнайы техника, 1038 жұмыскер және 10 су таситын машина ұйымдастырылған. «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ: –  6 арнайы техникасы және 34 жұмысшысы дайын тұр. «Алматы қала жарық» МҚК: – 8 төтенше бригадасы, 20 арнайы техникасы және 80 жұмыскер ұйымдастырылған. «Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС: – 30 бірлік арнайы техникасы, 180 жұмысшысы дайын тұр. «Алматинские электрические станции» АҚ: – ТЭЦ-1, 2, ЗТК және Каскад ГЭС төтенше жағдайлар кезінде үздіксіз жұмыс істеп тұруы үшін 5 төтенше бригада, 20 бірлік арнайы техника, 76 жұмыскер күші ұйымдастырылған. Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ