"Басты мақ­саты – елдегі саяси тұрақ­ты­лықты қамтамасыз ету"
"Басты мақ­саты – елдегі саяси тұрақ­ты­лықты қамтамасыз ету"
© Сурет интернеттен алынды
290
оқылды
– Елбасы Н.Назарбаев өз өкі­леттігін тоқтатқалы бері ту­ра бір жыл уақыт өтті. Егер ара­лық қорытынды шығарар бол­сақ, Тұңғыш Президенттің бұл шешімін оң бағалауға бола­ды. Әрине, осы қадамның басты мақ­саты – елдегі саяси тұрақ­ты­лықты қамтамасыз ету. Бұл мін­дет орындалды. Яғни, шешім өзін-өзі ақтап келеді. Қазақстанда саяси жағдай тұрақты. Елбасы сенім артқан, халық сайлаған Пре­зидент Қасым-Жомарт Тоқаев сая­сат сабақтастығын сақтап, көптеген іргелі мәселені шешумен ай­налысуда. Осы орайда, ішкі сая­сатта да, экономикада да жаңа көкейкесті проблемалар туын­дап жатыр. Мысал ретінде Қор­дай оқиғасын, қоғамдағы саяси белсенділіктің артуын, коро­на­вирустың таралуын айтуға болады. Жаңа билік проблемалар ше­шімін таба алатынын паш етуде. Осы бір жыл ішінде Пре­зидент Әкімшілігі мен Елбасы Кеңсесі арасында белгілі бір өзара әрекеттестік үлгісі қалыптасты. Бұл Қазақстанның саяси жүйесі, саяси тәжірибесі үшін бұрын-соң­ды болмаған тың дүние. Тараптар бірігіп, ынтымақтаса жұмыс істей алатынын көрсетуде. Қ.Тоқаевтың Президенттігі күр­делі кезеңге тап келді. Коро­на­вирустан бөлек, алдағы уақытта жаһандық экономикадағы қиын­­шылықтардан өрбитін проб­ле­ма­лар елге де ықпал етері сөз­сіз. Мұнай бағасының арзан­дап кетуі кесірінен ұлттық валюта ба­ғамы құнсыздануда. Үкімет пәрменді шаралар қабылдамаса, ол ішкі нарықта бағалардың қым­бат­тауына соқтырады. Бұл тұр­ғындарды қатты алаң­да­татынын билік түсінуі керек. Осы бағытта жүйелі жұмыс қажет. Мемлекеттік бағ­дарламалар қабылданған, олар­ды сапалы жүзеге асыру маңыз­ды. Бұдан басқа, ұлттық қауіп­сіздік саласындағы мәсе­ле­лер де баса мән беруді талап етеді. Әлемдік державалар орта­сын­да отырған қазақ елі олар ара­сындағы қайшылықтарды да қа­перде ұстағаны абзал.