Елордада коронавирус жұқтырған тұрғыны бар үй карантинге жабыла ма?
Елордада коронавирус жұқтырған тұрғыны бар үй карантинге жабыла ма?
© сурет интернеттен алынды
166
оқылды
Елорда әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен «Елордада коронавирус жұқтырған адам тұрған тұрғын үй оқшаулануы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді. «Карантин жүргізу үшін тұрғын үйді оқшаулау - дұрыс емес, себебі қандай да бір диагнозы анықталған науқас жедел түрде ауруханаға жатқызылады», - деді Бахтияр Мәкен Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Оның айтуынша, адам өзін нашар сезініп, жедел жәрдем қызметін шақырса, бірден ауруханаға жатқызылады. «Егер ол туыстарымен немесе тұрғын үйдегі адамдармен қарым-қатынаста болса, олар карантинге жатқызылады», - дейді ол. Бұған дейін коронавирус жұқтырған адам тұрған Алматыдағы «Сұңқар» тұрғын үйі оқшауланған болатын. Еске ала кетейік, қазіргі уақытта Алматы бойынша-19 науқас, Нұр-Сұлтанда - 25 науқас бар. Елімізде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 44 жағдайы тіркелген.