Нұротандық еріктілер коммуналдық сала қызметкерлеріне өздері тіккен маскаларын таратты
Нұротандық еріктілер коммуналдық сала қызметкерлеріне өздері тіккен маскаларын таратты
245
оқылды
Алматылық партияластар мен еріктілер коммуналдық сала қызметкерлеріне арнап көп рет қолдануға арналған бетперделер тікті. Жоғары температурада зарарсыздандырылып, сарапшылардың зерттеуінен өткен бетперделер арнайы конвертке салынып жолданды. Бұл айрықша акцияның бірінші күні партияның жастар қанаты волонтерлері жүзден астам қорғаныс құралын таратып үлгерді.
"Әрине, бұл теңізге тамған тамшы ғана. Бірақ бұл бастама арқылы біз бетперде дайындап шығарушыларды әлеуметтік жауапкершілікке шақырғымыз келді. Тым болмаса, әрбір тігін цехы тегін 50 бетперде тарататын болса, қоғамдағы сұраныс азаятын еді", - дейді идея авторы Бибінұр Шербаева.
Белсенділер бетперделердің сапасы жөнінде медицина қызметкерлерімен бірнеше рет кеңескендерін атап өтті. Бұл бетперделерді үш сағат пайдаланған соң жуып, бірнеше рет қайта пайдалануға болады. Ең бастысы жуғаннан кейін термиялық өңдеуден өткізу керек. Алматылықтар идея авторына зор алғыс білдірді.