Өскеменде елордадан келген автобус жолаушылары тексеріліп жатыр
Өскеменде елордадан келген автобус жолаушылары тексеріліп жатыр
166
оқылды
Өскеменде Нұр-Сұлтан қаласынан келген автобус жолаушыларына медициналық тексеру жүргізіліп жатыр. Коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында құрылған қалалық штаб өкілдерінің мәліметінше, 19 наурыз күні шаһарға елордадан 3 автобус рейсі келген. Дәрігерлер жолаушылардың барлығымен жұмыс істеуде. «Әр адамның дене қызуы өлшеніп, сауалнама жүргізіліп, тиісті мәліметтер жиналуда. Кешке қарай Алматыдан автобустар келеді деп күтілуде. Біз қала тұрғындарынан осындай сақтық шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген мәліметте.