22 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан ұшатын әуе рейстері тоқтатылады
22 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан ұшатын әуе рейстері тоқтатылады
© сурет интернеттен алынды
192
оқылды
Қазақстан аумағында жарияланған төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету мақсатында 22 наурыз сағат 00:00-ден бастап халықаралық және жүк рейстерін қоспағанда, барлық қазақстандық әуе компанияларының Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан ұшатын барлық тұрақты және тұрақты емес (чартерлік) жолаушылар рейстері тоқтатылады, - деп хабарлады Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
«Нұр-Сұлтан қаласынан Алматы, Балқаш, Талдықорған, Петропавл, Тараз, Шымкент, Жезқазған, Қызылорда, Орал, Өскемен, Павлодар, Семей, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай және т. б. қалаларға 16 ішкі бағыт бойынша аптасына 320 тұрақты рейс, Алматы қаласынан Нұр-Сұлтан, Балқаш, Көкшетау, Петропавл, Тараз, Шымкент, Жезқазған, Қарағанды, Қызылорда, Орал, Өскемен, Павлодар, Семей, Үржар, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай және т. б. қалаларға аптасына 295 тұрақты рейс тоқтатылады», - делінген ақпаратта.
​Министрліктің хабарлауынша, әуе компаниялары төтенше жағдай режимі қолданылатын кезеңде әуе билеттерін айыппұлсыз және толық көлемде қайтаруды рәсімдеуі қажет. Азаматтық авиация комитеті азаматтардың шоғырлануын болдырмас үшін жолаушыларға 2020 жылғы 22 наурызда сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуежайларына бармауды ұсынады.