Теміртаудың емханаларынан қолдан жасалған антисептиктер тәркіленді
Теміртаудың емханаларынан қолдан жасалған антисептиктер тәркіленді
259
оқылды
Қарағанды облысының емханаларында «Гросфарм» сауда белгісімен жалған «Алкосепт» антисептигі сатылымға шыққан. Теміртау қаласындағы емханаларда сатылған қолдан жасалған контрафактілік антисептиктер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Қарағанды облысы Экономикалық тергеу департаменті «ҚР Қылмыстық кодексінің 222-бабы, 1-бөлігі» (бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, фирмалық атауын, тауар шығарылған жердің атауын немесе біртектес тауарлар немесе қызметтер үшін олармен ұқсас белгілерді заңсыз пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Егер өнім берушілердің кінәсі дәлелденсе, оларға айыппұл және тауарды тәркілеу қаупі төніп тұр. Контрафактілік өнімді түпнұсқадан бірнеше белгімен ажыратуға болады. Біріншіден, орамаға назар аудару керек, ол ақаусыз, дәл және тығыз жапсырылған заттаңбасы болады. Онда міндетті түрде өндірушінің барлық деректері, дайындалған күні және жарамдылық мерзімі жазылады. Барлық ақпарат екі тілде – мемлекеттік және орыс тілінде болуы тиіс. Экономикалық тергеу департаменті әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен жеке қорғану құралдарының бағалары көтерген алыпсатарлық үшін жауапкершілік қарастырылатынын хабарлады. Мониторинг күн сайын жүргізіледі, оның ішінде интернет-сауда бақыланады.

Ләззат Қожахметова, Қарағанды облысы.