Нұр-Сұлтанда блокпосттар орнатылуда
Нұр-Сұлтанда блокпосттар орнатылуда
© Айтжан Мұрзанов
425
оқылды
Бұл шешімді мемлекеттік комиссия қабылдады. Енді Нұр-Сұлтан мен Алматының айналасындағы көлік пен адам қозғалысын шектеу үшін арнайы блокпосттар орнатылды. [caption id="attachment_29535" align="alignnone" width="1024"]карантин © Айтжан Мұрзанов[/caption] Елордада 6 қадағалау бекеті, Алматыда 27 қадағалау бекеті жұмыс істейді, санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар күшейді. Біз барған №6 блокпосттың кіре-берісіне осындай ескерту іліп қойған. [caption id="attachment_29536" align="alignnone" width="1024"]блокпост © Айтжан Мұрзанов[/caption]
Әлі жол толығымен жабылмаған. Қоршауға енді алынып, көліктер тексеріліп жатты.
[caption id="attachment_29537" align="alignnone" width="1024"]пост © Айтжан Мұрзанов[/caption]
Негізі бас прокуратура карантин кезінде тәртіп бұзғандар 26 510 теңгеге (10 АЕК, 1 АЕК - 2651 теңге) көлемінде айыппұл төлейтінін немесе 15 тәулікке қамауға алынатынын ескерткен. 
[caption id="attachment_29538" align="alignnone" width="1024"]адам © Айтжан Мұрзанов[/caption]
Ал билік өкілінің талабын орындамағандар 5 милллион 302 мың теңге (2 000 АЕК, 1 АЕК - 2651 теңге) айыппұл төлеуі немесе 2 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкіндігін хабарлаған. 
[caption id="attachment_29539" align="alignnone" width="1024"]полиция © Айтжан Мұрзанов[/caption]
Бекіністен емін-еркін өтіп, бей-берекет жүрген адам аз. Бірақ оларды тексеріп жатқанын байқамадық. Полицейлер негізінен әрбір көлік жүргізушілерін, олардың құжаттарын тексеріп өткізіп жатыр. пост Алайда ол жерлерде тәулік бойы жедел жәрдем қызметі тұрғанын байқамадық. Тек жол патрульдік полиция және әскерилер кезекшілік етуде. Сол жердегі полицейлердің айтуынша, 22 наурыздан бастап қалаға ешкім кіре алмайды. Қазір соған реттеліп жатқан күйі. [caption id="attachment_29547" align="alignnone" width="1024"] width= © Айтжан Мұрзанов[/caption] Шаһар маңындағы Талапкер, Қараөткел, Қоянды, Қосшы, Жібек жолы елді мекендерінің тұрғындары қалаға еш кедергісіз кіріп-шығып жатыр. Оларға жұмыс орнынан немесе мекенжай анықтамасы қажет емес болып шықты.   width= "Қазіргі таңда 22 наурызға дейін барлығына барынша қалаға қайтып кіруіне мүмкіндік беріліп жатыр. Коронавируспен жолаушы келген жағдайда бұл жерде жедел жәрдем қызметкерлері көлікке отырғызып, ауруханаға апарады" деді Есіл аудандық полиция басқармасының бастығы Мадияр Айтуғанов.  width= Ал жақында елорда әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтанда азық-түлік қоры жеткілікті екенін, карантинге қарамастан дәрігерлер, полицейлер, коммуналдық шаруашылық қызметкерлері жұмыс істей беретінін айтты.  width= Бүгінгі күні бұл вируспен шалдыққан 49 адам. Оның 25 - Нұр-Сұлтанда, 22- Алматыда, екеуі Қарағандыда.