Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Енді ақылы жолға ақша төлемегендерге әкімшілік іс қозғалады
118
оқылды

Көлік министрлігі ақылы автомобиль жолдарын пайдалану үшін төлем жасау тәртібіне өзгерістер енгізуді қолға алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Аталмыш жаңалықтар төлем процесін ыңғайлы етіп, жүргізушілерге қосымша уақыт беру арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылу қаупін азайтуды көздейді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Қолданыстағы ережеге сәйкес, егер жүргізуші жолақысын жеті күнтізбелік күн ішінде төлемесе, сегізінші күні материалдар Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес көлік бақылау органдарына жолданады.

Алдағы уақытта жүргізушілерге төлем жасау үшін көбірек уақыт ұсынылады. Яғни, жеке тұлғалар үшін төлем жасау мерзімі жолды пайдаланған күннен бастап 30 күнтізбелік күнге дейін ұзартылмақ. Егер бұл мерзім ішінде төлем жасалмаса, 31 күні материалдар әкімшілік шара қолдану үшін көлік бақылау органдарына беріледі.

Бұрынғы жүйеде жеке және заңды тұлғаларға бірдей талап қойылған болатын. Енді заңды тұлғалар үшін арнайы механизм енгізіледі. Жаңа ережеге сәйкес, заңды тұлғалар есептік кезеңнен кейінгі айдың 20-сына дейін төлем жасауы тиіс. Әйтпесе, келесі күні материалдар тиісті органдарға жолданады.

 

Ұсынылған өзгерістердің негізгі мақсаты — төлем жасау процесін жеңілдету, төлем мерзімін ұлғайту және төлем жасалмауының объективті себептерін ескере отырып, әкімшілік жаза қолдану тәуекелін төмендету.