«Ағайындылар» фильмінен көріп, танымал актермен бір фильмде ойнасам деген арман пайда болған.
«2026 жыл жақсы жаңалықпен басталды»: Ақбота-Нұр Сейітмағамбет жан сырын ақтарды
1,014
оқылды

«1001 түн» бағдарламасында қонақ болған әнші, актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет биыл түскен фильмдері жайында айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол Берік Айтжановпен фильмге түсуді армандағанын жасырмады.

«2026 жыл мен үшін жақсы жаңалықпен басталғалы отыр. 5 фильм жарыққа шығады деп жоспарлап отырмыз. Олар Аян Өтепбергенмен бірге түскен «Соңғы махаббат», Дәурен Серғазинмен түскен «Папина дочка», Берік Айтжановпен түскен «Үйлену оңай», «Тау адамы» және «Дальнобойщица» фильмдері. Бала кезімде Берік Айтжановты «Ағайындылар» фильмінен көріп, онымен бір фильмде ойнасам деген арманым пайда болған. Сол арманым орындалды»,  дейді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.