Күдіктінің жұбайы Ақбаян 30 жаста болған, бес баланың анасы.
Атыраудағы қылмыс: күдіктінің жұбайы туралы тың деректер айтылды
362
оқылды

Атырау облысында қоғам назарын аудартқан қылмысқа қатысты басты күдікті ретінде аталып жүрген Сұлтан Сәрсемалиевке байланысты жаңа мәліметтер жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай хабарлады.

Күдіктінің жұбайы Ақбаян 30 жаста болған, бес баланың анасы. Ол кенже баласын өткен жылы дүниеге әкелген. Марқұмның жақындарының айтуынша, жүктілікке дейін Ақбаян бірнеше рет операция жасатып, соның салдарынан денсаулығы едәуір әлсіреген.

Марқұмның әпкесі Әсиләның сөзінше, бесінші баласын босанғаннан кейін Ақбаянның психологиялық жағдайы күрт өзгерген. Ол босанғаннан кейінгі депрессияға ұшырап, жүйке жүйесінде ауытқулар байқалған.

«Жүктілікке дейін бірнеше рет ота жасатты, денсаулығы нашар еді. Бесінші баладан кейін мінезі өзгеріп, босанғаннан кейінгі күйзеліске түсті. Өте шаршаған, жүйкесі тозған болатын. Бір нәрсе айтсаң, ойы басқа жаққа ауып кететін. Күн өткен сайын жағдайы қиындап, өз-өзіне ие бола алмай қалды. Күйеуі оны жын кірді деп ойлап, түрлі емшілерге апарып жүрді. Біз бастапқыда іздемегеніміз де сол — емделуге кетті деп ойладық… Бұл өте ауыр жағдай», — деді туысы Әсилә.

Айта кетейік, аталған мәліметтер қылмыстың мән-жайын тереңірек түсінуге мүмкіндік беріп, қоғамда кеңінен талқыланып жатыр.