Бұл туралы Президенттің Кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді
Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді
258
оқылды

Биыл Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді. Бұл туралы Президенттің Кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады.

Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:

  • 2022 жылы – Ұлытауда;
  • 2023 жылы – Түркістанда;
  • 2024 жылы – Атырауда; 
  • 2025 жылы – Бурабайда өтті.