Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтті.
Құрылтай ұғымы қазақтың саяси-мәдени жадында жоғарғы кеңес формасы ретінде орныққан – Нұрлан Болатұлы
Фото: Ақорда
222
оқылды

Парламенттік реформа аясында азаматтық қоғам атынан әзірленіп, жүйелі түрде ұсынылған он ұсынымның үшеуінің Мемлекет басшысы тарапынан қолдау табуы  саяси процестегі сирек кездесетін, бірақ аса маңызды институционалдық жетістік. «Азаматтық Қоғам» бастамашыл тобы жетекшісі Нұрлан Болатұлы осындай пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, бұл нәтижені тактикалық табыс ретінде ғана емес, ұзақмерзімді трансформацияға бағытталған стратегиялық алға жылжу деп бағалауға негіз бар.

«Біріншіден, болашақ Парламенттің атауын «Құрылтай» деп белгілеу туралы ұсынымның қолдау табуы – символикалық деңгейден әлдеқайда терең шешім. Құрылтай ұғымы қазақтың саяси мәдени жадында ұлттың ұжымдық еркі мен тарихи жауапкершілігін білдіретін жоғарғы кеңес формасы ретінде орныққан. Бұл атау Парламентті тек заң шығаратын орган ретінде емес, ұлттық консенсус пен қоғамдық сенімнің институционалдық алаңы ретінде қайта пайымдауға мүмкіндік береді. Халықаралық саяси теорияда бұл approach legitimacy through tradition және symbolic institutional continuity ұғымдарымен үндеседі. Яғни, заманауи конституциялық құрылым мен тарихи сана арасындағы көпір қаланады.

Екіншіден, вице-президент лауазымын енгізу туралы төртінші ұсынымның қабылдануы – унитарлы мемлекет жағдайындағы атқарушы биліктің икемділігі мен тұрақтылығын арттыруға бағытталған прагматикалық қадам. Қазіргі геосаяси жағдайда Мемлекет басшысының халықаралық келіссөздерде, аймақтық қауіпсіздік архитектурасында және көпжақты дипломатия алаңдарында үздіксіз өкілдік етуі аса маңызды. Вице-президент институты burden-sharing принципіне негізделе отырып, президенттік өкілеттілікті әлсіретпей, керісінше, оны институционалдық тұрғыдан күшейтеді. Бұл модель бірқатар президенттік республикаларда governance efficiency және continuity of power қағидаттары арқылы өзін ақтаған.

Үшіншіден, мемлекеттік хатшы институтын қайта құру немесе жою жөніндегі жетінші ұсынымның қолдау табуы – институционалдық эволюцияның заңды кезеңі. Қазіргі жағдайда ішкі саясаттың стратегиялық қағидаттары Президент Әкімшілігі арқылы айқындалып, атқарушы функциялар Үкіметке жүктелген. Мұндай dual overlap жағдайында мемлекеттік хатшы институты өз миссиясын тарихи тұрғыда орындап болды деуге негіз бар. Бұл ұсыныс institutional redundancy ұғымын жоюға, мемлекеттік басқару жүйесін ықшам әрі айқын етуге бағытталған. Яғни, мәселе лауазымды жоюда емес, басқару логикасын заманауи талаптарға сәйкестендіріп жатыр», – дейді ол.

Нұрлан Болатұлының айтуынша, нағыз реформа бір реттік шешіммен емес, институционалдық сабақтастық пен қоғамдық сенім арқылы жүзеге асады. Ал бүгінгі қолдау – сол ұзақ жолдың маңызды әрі сенімді бастамасы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.